Шара сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру саласында тың жоба болып табылатын «Парасат жолы» орталығын университет қабырғасында ашуға бағытталған.
Естеріңізге сала кетсек, ақпан айының басында Агенттік пен Мәдениет және спорт министрлігінің бірінші басшыларымен меморандумға қол қойылып, зиялы қауым өкілдерінің басын қосқан «Парасат жолы» жобасының тұсауы кесілген болатын.
Аталған жоба қоғам арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыруға, халықтың әдеби, мәдени және шығармашылық құндылықтарын пайдалана отырып парасаттылық пен адалдық қағидаттарын ілгерілетуге бағытталған.
Бүгінгі күннің өзінде, Ақтөбе облысындағы 233 мемлекеттік кітапханада жоба орталығы ұйымдастырылып, өз жұмысын бастап кеткен.
Сонымен қатар, бүгінгі күні «Парасат жолы» жобасына батыс өңіріндегі ірі жоғарғы оқу орындарының бірі болып табылатын Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті де үн қосып отыр.
Алдағы уақытта, аталған орталықта сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпараттық-ағартушылық штаб, жазушылар, ақындар, ғылым мен білім қайраткерлерінің, белсенді қоғам мүшелерінің қатысуымен көптеген шаралар өткізілетін болады.