Баланың анасы полицияға өзі келген. Айтуынша, ол баланы бейтаныс адамдарға қалдырып, жұмыс орнынан жалақысын алуға кеткен. Жолда танысымен кездесіп, екеуі алкогольдік ішімдік ішкен.
43 жастағы әйелге ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы «Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және (немесе) оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамау» бойынша хаттама толтырылды.
Еске салсақ, Ақтөбеде 4 жасар баласын көршісіне қалдырып, сол күйі жоғалған әйел іздестіріліп жатқан болатын.