Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, уәкілетті қызметтер оқиға орнына барды. Дрон сынығы шамамен 8:30–да анықталды.
— Қарғалы ауданында ұшқышсыз ұшу аппаратының сынықтарына ұқсас заттардың табылуы дерегі бойынша тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Аталған нысан елді мекеннен тыс аумақта анықталған. Оқиғаның барлық мән-жайы тексеріледі, — деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.
Ақтөбе облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, ТЖД және «Ауыл құтқарушылары» өрт сөндіру пунктінің қызметкерлері Әлімбет ауылы маңында тұтанған отты сөндірді. Мұнда құрғақ шөп жанды. Ауданы 500 шаршы метрді құрады.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Батыс Қазақстан облысы аумағында ұшқышсыз ұшатын аппараттың құлағаны жөнінде ақпарат тарады. Тұрғындардың сөзіне қарағанда, ұшқышсыз ұшатын аппарат Қарауылтөбе ауылы маңына құлаған.