Оқиға 12 мамыр күні болды. ҰҚК баспасөз қызметінің хабарлауынша, заңсыздық Жайсан автокөлікті бақылау бөлімінде анықталды.
— Ресейге бағыт алған транзиттік жүк көлігін тексеру кезінде сусын қораптары (22 тоннаға жуық Coca-Cola сусыны) арасынан адамдар табылды. Мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтпек болған 29 шетел азаматы анықталды. Осы оқиғадан соң Қылмыстық кодекстің 394-бабы (Заңды емес көші-қонды ұйымдастыру) бойынша ҰҚК Шекара қызметі Ақтөбе облысы бойынша департаменті сотқа дейінгі тергеуді бастады, — деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметі.
ҰҚК Мемлекеттік шекараны бұзу қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке әкелетінін атап өтті.
- ҰҚК шекара қызметі ұлттық заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын және оның режимін бұзу қылмыстық және әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғатынын еске салады, - делінген хабарламада.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Түрксіб аудандық полиция басқармасы көші-қон қызметінің мамандары рейд барысында заңсыз жұмыс істеп жүрген 15 шетел азаматын анықтады.