Бүгін еліміз бойынша шетелдік көлікті тіркеу жұмысы басталды.
«Президент Қасым - Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес жаңа мемлекеттік нөмір беру акциясы басталды. Акция кезінде техникалық төлқұжатын алмастыру, уақытша тіркеуге тұру жолы түсіндірілді. Ол үшін шетелдік көлік иелері мамандандырылған ХҚКО келіп, тіркелуі шарт. Мемлекеттік нөмір мен техқұжат рәсімдейді. Мемлекеттік кірістер департаменті мен полиция қызметі кеңес береді. Көлік иесі салық төлеп, көлікті тіркеуге алу жарнасын өтеуі тиіс», - деді облыстық ПД бастығының бірінші орынбасары Қанат Әлиев.
Ақтөбе облысында 16 мыңнан астам шетелдік нөмірлі көлік бар. Әзірге көлік тіркеген адам болмады. Тек кеңес алушылар келді. Акция 1-29 ақпан аралығында жүреді. Бір ай бойы мамандандырылған ХҚКО демалыссыз жұмыс істейді.
18:32, 01 Ақпан 2020
Ақтөбеде шетелдік көлікті тіркеу акциясы басталды
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы демалыссыз жұмысқа көшті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.