АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Сырғанаққа барған бала жүк көлігінің астына түсіп, қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Ақтөбе облысының Темір ауданында жол-көлік оқиғасы болды. Бас жасар бала шамамен сағат 11:00-де үйінің жанында төбеден төмен қарай сырғанап жүрген. Ол аңдаусызда көшеде өтіп бара жатқан «КамАЗ» автокөлігінің, яғни, ассенизатордың доңғалағының астына түсіп кетті», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.
Айта кетейік, осы оқиғаға қатысты Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Алтынай Сағындықова
2001-2006 ж.ж. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін тәмамдады. Мамандығы - журналист. Еңбек жолын 2006 жылы "Kerek.info" қоғамдық-ақпараттық газетінен тілші болып бастап, шеф-редактордың орынбасары, шеф-редактор болды. Әртүрлі жылдары "Айқын" қоғамдық-саяси газеті, Bnews.kz, Aktobenews.kz тілші қызметін атқарды. 2017 жылдан бастап Kazinform агенттігінің Ақтөбе облысындағы меншікті тілшісі.