Ақтөбеде тағы бір жолды су шайып кетті

АҚТӨБЕ. KAZINFORM - Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Ұлпан ауылы маңында жолды су шайды. Мұнда құм толы 300 қап төселгенімен суды толық тоқтату мүмкін болмаған.

Фото: ШҚО Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

Шалқар ауданы әкімдігінің ресми парақшасындағы мәліметке сүйенсек, республикалық маңызы бар Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз автомобиль жолының 232 шақырымындағы Ұлпан ауылының тұсында қауіп күшейіп, жол жиегін бекіту жұмысы жүргізілді. Күні бұрын қапқа құм салып, төселді. Алайда қар тез еріп, жолды шайды. 

Еске салсақ, бұған дейін Шалқар ауданының Мөңке ауылы маңында жолды су шайды