Ақтөбенің Мөңке ауылы маңында жолды су шайды

Ақмола облысының көктемгі су тасқынына дайындығы қандай?
Фото: pixabay

АҚТӨБЕ. KAZINFORM — Ақтөбедегі «Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз» тасжолындағы Мөңке ауылы маңында жолды су шайды.

Дерек бүгін сағат 17.00-де тіркелді. «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ хабарлауынша, республикалық маңызы бар «Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз» автожолының 194 шақырымы, яғни, Мөңке би ауылы маңында қар еріп, су жол үстіне көтерілді. 

«Қар суының ені 20 метр, биіктігі 3-5 см шамасында болды. Аталған учаскеде су өткізгіш құбыр жоқ. Еріген қар суының жүруін тоқтату үшін 10 жұмысшы, жүк көлігі мен құм таситын көлік жұмылдырылды. 100 қап құм жеткізілді, — деп хабарлады «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ.

Қазір өңірде көктемгі су тасқынына қарсы штаб құрылды. Бұған дейін хабарлағанымыздай, Ақтөбе облысы бойынша 36 елдімекен су басу қаупі басым аумақта орналасқан. Оның алтауы республикалық маңызы бар тасжолға жақын. «ҚазАвтоЖол» АҚ облыстық филиалы ақпанда тасқынды болдырмау жұмысын бастады. Қазіргі кезде қаупі басым аумаққа инертті материалдар тасымалданған. 

Соңғы жаңалықтар