АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде төтенше жағдай режимін сақтамай, салтанатты шара өткізген мейрамхана әкімшісі жауапқа тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Полиция 21 наурыз күні мейрамханада салтанатты шара өткізгендерді анықтады. Төтенше жағдай режимін сақтамаған мейрамхананың әкімшісі жауапқа тартылды.
«Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 476-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, іс сотқа жіберілді. Төтенше жағдай режимі енгізілген күннен бері өңірде осындай 15 дерек тіркелді. Бәрі де көңіл көтеру орындары және компьютерлік клубтар. Олар жауапқа тартылды», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.
Алтынай Сағындықова
2001-2006 ж.ж. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін тәмамдады. Мамандығы - журналист. Еңбек жолын 2006 жылы "Kerek.info" қоғамдық-ақпараттық газетінен тілші болып бастап, шеф-редактордың орынбасары, шеф-редактор болды. Әртүрлі жылдары "Айқын" қоғамдық-саяси газеті, Bnews.kz, Aktobenews.kz тілші қызметін атқарды. 2017 жылдан бастап Kazinform агенттігінің Ақтөбе облысындағы меншікті тілшісі.