АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысы, Байғанин ауданында түйе іздеуге шығып, хабарсыз кеткен екі адам аман-есен табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
19 желтоқсан күні Байғанин аудандық полиция бөліміне Оймауыт ауылының тұрғынынан арыз түсті. Түйе жоғалып, баласы мен оның досы «Урал» мотоциклімен іздеуге шығып, хабарсыз кеткен.
«Ауылдан 30 шақырым қашықтықтағы Аққұдық жеріне бағыт алған екі адам жоғалды. Полиция екі топ құрып, ауыл әкімдігі мен тұрғындар көмек көрсетті. Олар 20 желтоқсан күні ауылдан 40 шақырым қашықтықта табылды. Екеуі дін аман, үйіне оралды», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.
Алтынай Сағындықова
2001-2006 ж.ж. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін тәмамдады. Мамандығы - журналист. Еңбек жолын 2006 жылы "Kerek.info" қоғамдық-ақпараттық газетінен тілші болып бастап, шеф-редактордың орынбасары, шеф-редактор болды. Әртүрлі жылдары "Айқын" қоғамдық-саяси газеті, Bnews.kz, Aktobenews.kz тілші қызметін атқарды. 2017 жылдан бастап Kazinform агенттігінің Ақтөбе облысындағы меншікті тілшісі.