Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, № 70 түзету мекемесіне есірткі заттарын өткізбек болған адам ұсталды. Есірткі баялды езбесі салынған пластикалық бөтелке ішіне жасырылған. Қазір осы дерек бойынша Қылмыстық кодексінің 297-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
— Жыл басынан бері Ақтөбе облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі сәлемдеме жіберу орнында тыйым салынған бірнеше зат тәркіленді. Оның ішінде 34 000 теңге ақша, 151,55 грамм есірткі заттары, 41 дана ұялы телефон бар. Сонымен қатар, 13 адам ұсталып, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 481-бабына сәйкес жауапқа тартылды, — деп хабарлады Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаменті баспасөз қызметі.
Еске салсақ, Қызылордада түрмеге гамбургердің ішіне насыбай жасырып өткізбек болған. Бұл туралы облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.