АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбедегі Байғанин ауданына қарасты ауылда үш жылқышыны атып кеткен күдікті ұсталды. Қазір ол тергеу изоляторында отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ақтөбе облысы, Байғанин ауданындағы Лақтыбай және Түгіскен малды ауылында 14 ақпан күні атыс болып , үш жылқышының мүрдесі табылды . Қазір осы оқиғаға қатысты күдікті ұсталып, тергеу жұмыстары басталды.
«Шаруа қожалығының иесі сол күні көліктер мен техниканы жөндеу үшін Ақтөбе қаласынан жұмысшыларды әкелген. Олар сол күні ішімдік ішіп, қарудан оқ атқан. Қазір тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Күдікті ұсталды. Аты-жөні де белгілі. Қашқынбай Ермағамбетов деген күдікті «Абдулғазиз» шаруа қожалығында жұмыс істеген»,- деді Байғанин ауданының әкімі Мамырғали Аққағазов.
Алтынай Сағындықова
2001-2006 ж.ж. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін тәмамдады. Мамандығы - журналист. Еңбек жолын 2006 жылы "Kerek.info" қоғамдық-ақпараттық газетінен тілші болып бастап, шеф-редактордың орынбасары, шеф-редактор болды. Әртүрлі жылдары "Айқын" қоғамдық-саяси газеті, Bnews.kz, Aktobenews.kz тілші қызметін атқарды. 2017 жылдан бастап Kazinform агенттігінің Ақтөбе облысындағы меншікті тілшісі.