Ақтөбеде жоғалған баланы іздеу кезінде 30 шақырым аумақ қайта тексеріледі

АҚТӨБЕ. KAZINFORM — Оқиға орнына Ақтөбе облыстық ПД бастығы Қайыркен Әлиев барып, қайтадан мұқият қарап шығуды тапсырды. Баланың қай жерде суға кеткенін картадан көрсетті.

Видеодан алынған скрин

Мәртөк ауданы Сарыжар ауылының тұрғыны Мансұр Саматов 29-наурыз күні жоғалып, әлі табылмай жатыр. Бес тәулікке созылған іздеу жұмыстары нәтиже берер емес. Оқиға орнында полиция, төтенше жағдайлар қызметі мен әскерилер, жергілікті әкімдік мамандары мен тұрғындар жұмылдырылды. Бүгін Ақтөбе облыстық полиция департаментінің бастығы Қайыркен Әлиев Мәртөк ауданына жұмыс сапарымен арнайы барып, кәмелетке толмаған баланы іздестіру жұмыстарының жай-күйімен танысты.

Видеодан алынған скрин

— Бәріміз бала асырап отырмыз. Оңай емес, жүрекке тиеді. Ең басты мақсат — қалайда табу. Мұқият қарауымыз керек, — деді Қайыркен Әлиев.

Мәлім болғандай, жоғалған бала суға түскен жерден 30 шақырым аралықты арнайы құрылған топ қарап шықты. Елек өзеніндегі іздеу жұмысы әрі қарай жалғасады. Полиция мен құтқарушылар бұл жерлерді тағы қарап шықпақ. Сүңгуірлер саны да көбейіп, 20-ға жетті.

Айта кетейік, жоспар бойынша 10 топ құрылып, оқиға болған Сарыжар ауылынан Мәртөк ауылына дейін жүріп өтті. Өзеннің арғы беті мен бергі беті, өзен түгел тексерілді. Іздеуге өзендегі қатты кері әсер тигізген.