Ақтөбе облысының полиция департаменті жүргізушілерге көліктің қысқы дөңгелегін салу керектігін ескертті. Өңірде ауа райы күрт нашарлап, көктайғақ болып тұр. 18 қарашадан бері республикалық тасжолдарда 10 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 7 адам зардап шекті.
«Самара-Шымкент» тасжолының Бөгетсай ауылы маңында жол-көлік апатынан 21 жастағы Қырғызстан азаматшасы оқиға орнында көз жұмды. «Ларгус» көлігінің жүргізушісі Қырғызстаннан Ресейге бағыт алған. Рөлге ие бола алмай, көлік аударылып қалды», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.