Ақтөбеде «Қауіпсіз жол» жедел-алдын алу іс-шарасы өтті. Полиция қызметкерлері екі айдың ішінде жол ережесін 308 рет бұзған, жылдамдықты асырған жас жігітті ұстады. Шетелдік нөмірі бар ВАЗ-2114 автокөлігін басқарған 35 жастағы қала тұрғынының әрекеті «Қорғау» жүйесі арқылы анықталды. Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жүргізушіні ұстап, көлік тұраққа қойылды. Айыппұлдардың жалпы сомасы 11 млн 573 мың теңгені құрады.
– Жүргізушілер өздерінің және айналасындағылардың қауіпсіздігі туралы ойлануы керек. Шетелдік нөмірі бар кейбір көлік жүргізушілері жазадан құтылып кетемін деп үміттенеді. Бірақ олай емес. Біз мұндай заң бұзушыларды анықтап, оларды жауапқа тартамыз, - деп атап өтті Ақтөбе қаласы полиция басқармасының бастығы Әсет Қалиев.
Айта кетейік, Ақтөбе облысында қар жауғанда жолда жол-көлік апаты көбейді. Бір тәулікте 30 көлік соқтығысып, 4-еуі аударылды.