АҚТӨБЕ. KAZINFORM — Ақтөбе — Орынбор тасжолында үш көлік соқтығысты. Оқиға орнында үш жолаушы мен жүргізуші көз жұмды.
Оқиға Ақтөбе — Орынбор бағытындағы тасжолдың Қурайлы тұрғын алабы маңында болды. Үш көлік соқтығысты.
Еске салсақ, кеше Жетісу облысында жол апатынан 5 адам мерт болды. Әртүрлі дәрежедегі дене жарақатын алған 2 жолаушы медициналық көмек көрсету үшін ауруханаға жеткізілді.
Алтынай Сағындықова
2001-2006 ж.ж. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін тәмамдады. Мамандығы - журналист. Еңбек жолын 2006 жылы "Kerek.info" қоғамдық-ақпараттық газетінен тілші болып бастап, шеф-редактордың орынбасары, шеф-редактор болды. Әртүрлі жылдары "Айқын" қоғамдық-саяси газеті, Bnews.kz, Aktobenews.kz тілші қызметін атқарды. 2017 жылдан бастап Kazinform агенттігінің Ақтөбе облысындағы меншікті тілшісі.