АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысының Алға ауданы, Еркінкүш ауылы маңындағы бейітте бір жерге екінші адамның жерленгені анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Қазіргі уақытта тексеру жұмысы жүргізіліп жатыр. Бейітке тағы бір адам аруланып жерленген екен. Қазақтың салт-дәстүрі сақталған, бірақ аты-жөні жазылмаған, құжаты жоқ. Іздестіру жұмыстары жүріп жатыр. Бейіттің үсті дегеніміз жерленген адамның қабірінің үстіне белгісіз бір әйел адамды көміп кеткен»,- деді Алға ауданы әкімінің орынбасары Әнуарбек Жеңісұлы.
Айта кетейік, оқиға Еркінкүш ауылы маңындағы бейітте болды. Бейіттегі өзгерісті бұрын жерленген адамның туған-туыстары біліп, кейін полицияға хабар берген.
Алтынай Сағындықова
2001-2006 ж.ж. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін тәмамдады. Мамандығы - журналист. Еңбек жолын 2006 жылы "Kerek.info" қоғамдық-ақпараттық газетінен тілші болып бастап, шеф-редактордың орынбасары, шеф-редактор болды. Әртүрлі жылдары "Айқын" қоғамдық-саяси газеті, Bnews.kz, Aktobenews.kz тілші қызметін атқарды. 2017 жылдан бастап Kazinform агенттігінің Ақтөбе облысындағы меншікті тілшісі.