Екінші дүниежүзілік соғыс ардагері Василий Грецкий Хромтау ауданының орталығында тұрады.
№482 референдум учаскесінің комиссия мүшелері ардагердің үйіне барып, бюллетень толтыруына, сөйтіп таңдау жасауына мүмкіндік берді. Ардагер Василий Грецкий елдегі реформалардың маңызды екенін атап өтіп, келер ұрпақтың жарқын болашағына үлес қосу әрбір азаматтың парызы деп санайтынын айтты. Жалпы Хромтау ауданында 201 адам үйден дауыс беруге өтініш жасаған.
Еске салсақ, Ақтөбе қаласындағы №564 референдум учаскесінде Қазақстанның Еңбек Ері Құралай Байменова өз таңдауын жасады. Оның айтуынша, мүгедектігі бар адамдар үшін 30-дан астам инватакси жұмыс істеді.
Сондай-ақ, мәдениет қайраткерлері Мағзом мен Шалқия Бақытжановтар өз таңдауын жасады. Олар № 37 референдум учаскесінде дауыс берді.