Ақтөбеде ерлі-зайыпты мәдениет қайраткерлері өз таңдауын жасады

АҚТӨБЕ. KAZINFORM — Мәдениет қайраткерлері Мағзом мен Шалқия Бақытжановтар өз таңдауын жасады. Олар № 37 референдум учаскесінде дауыс берді.

референдум
Фото: Алтынай сағындықова/Kazinform

Ақтөбе қаласындағы № 36 орта мектепте дауыс беру таңғы 7:00–де басталды. Мұнда ақтөбеліктер таңнан бастап келіп, өз таңдауын жасап жатыр. 

— Бүгін — референдум. Біз дауысымызды бердік. Әркім өз таңдауын жасасын, — деді ҚР Мәдениет қайраткері Шалқия Бақытжанова.

Ерте келіп, таңдау жасаған ерлі-зайыпты Бақытжановтар отбасына референдум учаскесі сыйлық берді.

Айта кетейік, № 37 сайлау учаскесінде 2200-ден астам дауыс беруші тіркелген. Оның 4-і үйден дауыс беру үшін өтініш берген.

Сонымен бірге референдум учаскесінде 5 байқаушы жұмыс істеп отыр. 

Еске салсақ, Ақтөбе облысы бойынша 530 референдум учаскесі бар. Референдумда дауыс беру құқығы бар 569 845 адам тізімге енген.

Ерекше қажеттілігі бар азаматтар үшін учаскелерде трафарет бар. Көре алмайтын азаматтар аудионұсқаны таңдап, бюллетеньді өзі толтыра алады. 

Ал 178 учаскеде брайл қарпі қолданылады.  

Соңғы жаңалықтар