Референдум: Ақтөбеде 6 жаңа учаске құрылды

АҚТӨБЕ. KAZINFORM - Ақтөбе облысы бойынша 530 референдум учаскесі бар. Халық санының өсуіне байланысты оның алтауы жаңадан құрылған.

Как Астана готовится к референдуму по АЭС
Фото: Агибай Аяпбергенов/Kazinform

Ақтөбе облысындағы референдум учаскелері 6 қазанға дайын. Өңірде барлығы 530 референдум учаскесі болса, оның 14-і азаматтардың уақытша болатын орны.

«Халық саны өсіп, 6 учаске жаңадан құрылды. Барлық учаске 16 қыркүйектен бастап жұмыс істеп тұр. Қазіргі кезде Референдумда дауыс беру құқығы бар 569 845 адам тізімге енген. Оның 303-іне есептен шығару куәлігі берілді. Бұл азаматтардың өтініші. Олар өзге орындарда дауыс береді. Ал ерекше қажеттілігі бар азаматтар үшін учаскелерде трафарет бар. Көре алмайтын азаматтар аудионұсқаны таңдап, бюллетеньді өзі толтыра алады. Ал 178 учаскеде брайл қарпі қолданылады», - деді Ақтөбе облыстық аумақтық референдум комиссиясы төрағасының орынбасары Ақмарал Нұрмағамбетова.

Айта кетейік, Ақтөбе қаласында 29, ал 12 ауданда 15 инватакси қызметі ұйымдастырылады. Мүгедектігі бар азаматтардың қоғамдық ұйымдары 16 судроаудармашылардың көмегін ұсынады.

Еске салсақ, 6 қазан күні Ақтөбе қаласында қоғамдық көліктер тегін қызмет көрсетеді. Автобустар таңғы сағат 6:00-ден бастап жүреді. 

Соңғы жаңалықтар