Ақтөбедегі VIP-массаж салонда интим қызмет көрсететін топ анықталды

Фото: None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Облыстық криминалдық полиция қызметкерлері «Стоп трафик» жедел алдын алу шарасы аясында интим қызмет көрсеткен топ ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе қаласының ескі бөлігінде орналасқан VIP-массаж салонында жыныстық қызмет көрсеткен притон анықталды. Жедел іздестіру шарасы кезінде мекеме әкімшісі қызметін атқарған Ақтөбе қаласының тұрғыны ұсталды.


Тексеру кезінде интимдік қызмет көрсеткен Атырау облысының үш әйелі қолға түсті.
«Полиция департаменті осы факті бойынша Қылмыстық кодекстің «Жезөкшелікпен айналысу және жеңгетайлық үшін притондар ұйымдастыру немесе ұстау« бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сонымен қатар, шектеу ережесін бұзғаны үшін материалдар Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 425-бабы, яғни, «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді бұзу» бойынша кінәлі адамдарды әкімшілік жауапқа тарту үшін Ақтөбе қаласының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жіберілді», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.


Соңғы жаңалықтар