АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде бизнес орталығынан арнайы кеңсе ашып, тұрғындарды жұмысқа орналастырамын деп алдаған күдікті ұсталды. Полиция қазір алданған адамдарды іздестіріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ақтөбе қаласындағы Зауыт полиция бөлімі бірнеше адамнан ақша алып, жұмысқа орналастырмаған күдіктіні ұстады. Қазір 47 жастағы Темірбек Сұлтанғалиев қамауда отыр. Атырау облысының тумасына қатысты Қылмыстық кодекстің «Алаяқтық» бабы бойынша із қозғалып, тергеу басталды.
«Темірбек Сұлтанғалиев Ақтөбе қаласындағы «Капитал Плаза» бизнес орталығынан кеңсе жалдап, 2017 жылдың желтоқсан айы мен 2018 жылдың наурыз айына дейін адамдарды алдап келген. Ол вахталық әдіспен жұмысқа орналастырамын деп уәде беріп, адамдардың ақшасын алған. Қазір күдікті уақытша тергеу изоляторында отыр. Егер осы адамға алданып, ақшасын ала алмай жүрген ақтөбеліктер болса, Зауыт полиция бөліміне хабарласуын сұраймыз», - деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметі.
Фото: novosti33.ru
Алтынай Сағындықова
2001-2006 ж.ж. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін тәмамдады. Мамандығы - журналист. Еңбек жолын 2006 жылы "Kerek.info" қоғамдық-ақпараттық газетінен тілші болып бастап, шеф-редактордың орынбасары, шеф-редактор болды. Әртүрлі жылдары "Айқын" қоғамдық-саяси газеті, Bnews.kz, Aktobenews.kz тілші қызметін атқарды. 2017 жылдан бастап Kazinform агенттігінің Ақтөбе облысындағы меншікті тілшісі.