Ақтөбелік еріктілер 4 жастағы қызды өгей әкесінен құтқарды

Фото: None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде 4 жастан асқан қыз анасы қайтыс болған соң өгей әкесімен қалған. Ішімдіктің ортасына айналған үйден кір-қожалақ баланы полиция алып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сал ауруынашалдыққан баланың мүшкіл хәлі туралы еріктілерге әлеуметтік желі арқылы хабартүскен. Хабар берген ақтөбелік ол үйдің ішімдік ұясы, ашулы адамдардыңденсаулыққа зиян келтіруі мүмкін екенін де ескертті. Еріктілер жанына полицияқызметкерлерін ертіп, 4 жастан асқан қызды үйден алып шықты.

«Екі жылбұрын қыздың әкесі қайтыс болып, анасы азаматтық некедегі күйеуімен тұрған.Тамыз айының 8-індеанасы көз жұмып, кішкентаймүгедек қыз өгей әкесінің қарауында қалған. Бұл үй ішімдік ішетін адамдардыңжеріне айналып кеткен. Біз полициямен бірге барып, кішкентай қызды алыпкеттік. Қыздың күйі адамшошырлық жағдайға түскен. Шашы таралмаған, беті жырылған. Әрең тыныс алады, өкпесі сырылдайды. Дене қызуы көтеріліп,дерті асқына түскен. Кейін қалалық қорғаншылық органдарымен бірге «Үміт»сәбилер үйіне апарып, бақылауға алдық. Біз алдағы уақытта да барып, көмеккөрсетіп тұрамыз», - деді ерікті Екатерина Голотина.

«Үміт» сәбилер үйіне қабылданған 4 жастағы қызқазір ем алып жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, баланың жағдайы орташа ауыр.

«Туа біттіжүрек ауруымен есепте тұр. Оған кезінде ота да жасалған. Әрі анасынан баласынаЖИТС жұқпалы ауруы берілген секілді. Бұл диагноз әлі анықталады», - дедісәбилер үйінің бөлім меңгерушісі Нұргүл Сарманова.

Соңғы жаңалықтар