АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбенің Алға ауданында 45 жастағы күдікті Қызыл кітапқа енген безгелдекті атып алды. Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ақтөбенің Алға ауданында аң аулап, құс атып жүрген 45 жастағы күдікті ұсталды. Ол мотоциклмен жүріп үйрек, Қызыл кітапқа енген безгелдекті атып алған.
«Жергілікті полиция қызметі 12 калибрлі аңшы мылтығын тәркіледі. Осы оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің «Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу» бабы бойынша іс қозғалды»,- деді Ақтөбе облыстық ІІД баспасөз жетекшісі Нұргүл Қонақбаева.
Алтынай Сағындықова
2001-2006 ж.ж. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін тәмамдады. Мамандығы - журналист. Еңбек жолын 2006 жылы "Kerek.info" қоғамдық-ақпараттық газетінен тілші болып бастап, шеф-редактордың орынбасары, шеф-редактор болды. Әртүрлі жылдары "Айқын" қоғамдық-саяси газеті, Bnews.kz, Aktobenews.kz тілші қызметін атқарды. 2017 жылдан бастап Kazinform агенттігінің Ақтөбе облысындағы меншікті тілшісі.