АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбелік өрт сөндірушілер желі басталған челленджді жалғастырып, рекорд жаңартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
№22 өрт-құтқару бекетінің құтқарушысы Серік Мәжитов қойылған кедергілерді 37 секунд ішінде өтті.
«Бұл челледжді Ресейдің төтенше жағдайлар қызметі бастаған. Ал ақтөбеліктер әлеуметтік желіден көріп, бастаманы қолдады. 23 жастағы Серік Мәжитов жедел құтқару жасағында жұмыс істейді. Рекорд жаңартқан жас қызметкер бар болғаны 37 секундта кедергіні еңсеңді. Ал ресейліктердің көрсеткіші 58 секунд. Тек облыс орталығы емес, аудандағы төтенше жағдайлар қызметі де өз шеберліктерін көрсетуде», - деді облыстық ТЖД баспасөз қызметкері Сабина Серікова.
Алтынай Сағындықова
2001-2006 ж.ж. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін тәмамдады. Мамандығы - журналист. Еңбек жолын 2006 жылы "Kerek.info" қоғамдық-ақпараттық газетінен тілші болып бастап, шеф-редактордың орынбасары, шеф-редактор болды. Әртүрлі жылдары "Айқын" қоғамдық-саяси газеті, Bnews.kz, Aktobenews.kz тілші қызметін атқарды. 2017 жылдан бастап Kazinform агенттігінің Ақтөбе облысындағы меншікті тілшісі.