АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе полициясы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін Ресейден Қырғызстанға бағыт алған еңбек мигранттарына көмектесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ресейден Қырғызстанға бағыт алған 2 мыңнан астам еңбек мигрантын ақтөбелік полицейлер Қызылорда облысының шекарасына дейін шығарып салды.
«4 тамыздан бастап ақтөбелік полицейлер Ресейден Қырғызстан еліне бара жатқан азаматтардың автобустарына ілесіп жүрді. Бүгін де 23 автобусты шығарып салды. Барлығы 43 автобуста 2449 Қырғызстан азаматы бар. Коронавирус инфекциясының алдын алу мақсатында, сондай-ақ жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шаралар қабылданды», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.
Алтынай Сағындықова
2001-2006 ж.ж. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін тәмамдады. Мамандығы - журналист. Еңбек жолын 2006 жылы "Kerek.info" қоғамдық-ақпараттық газетінен тілші болып бастап, шеф-редактордың орынбасары, шеф-редактор болды. Әртүрлі жылдары "Айқын" қоғамдық-саяси газеті, Bnews.kz, Aktobenews.kz тілші қызметін атқарды. 2017 жылдан бастап Kazinform агенттігінің Ақтөбе облысындағы меншікті тілшісі.