Әлеуметтік желіде Қарғалы ауданының орталығы Бадамша ауылында 5 қабатты үйдің құрылысы жүріп жатқаны, ондағы құрылыс материалын полиция қызметкерлері көлігіне тиегенін жариялады. Жазба иесі құрылысқа жауапты адамдар жанында жүргенін, ал учаскелік полиция қызметкерлері түскі мезгілде тонап жатқаны туралы айтқан болатын.
Посёлок Батамша стройка 5 этажного дома по программе доступное жильё от акимата #zello_aktobe
Публикация от ZELLO AKTOBE - OFFICIAL PAGE (@zello.aktobe) 10 Июл 2018 в 5:13 PDT
Бұл бейнематериалға облыстық ІІД баспасөз қызметі жауап берді. Полиция қызметкерлері құралыс материалын келісіммен, оқу-жаттығу шаралары үшін алынғандығын мәлімдеді.«Жылуды сақтайтын құрылыс материалы құрылыс компаниясының келісімімен уақытша оқу-жаттығуға пайдаланылды. Оқу-жаттығу шаралары Мұғалжар ауданы, Қандыағаш қаласында өтті. Жылу сақтайтын құрылыс материалы палатка ішіндегі еденге төселді. Аталған шара біткен соң бәрі кері қайтарылды»,- деді облыстық ІІД баспасөз қызметі.
Айта кетейік, Қарғалы ауданы мен Мұғалжар аударының ара қашықтығы шамамен 200 шақырымды құрайды. Екі ортада Алға ауданы мен Ақтөбе қаласы бар.
Фото: скрин из видео