Ақтөбелік жалған құжатпен мемлекеттік қызметке орналаспақ болды

Фото: None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Мемлекеттік қызметкер болуды армандаған ақтөбелік жалған құжат жасатып алды. Ол осы құжатпен Аққұдық ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы қызметіне орналаспақ болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

АқтөбеніңМәртөк ауданы әкімі аппаратының конкурстық комиссиясы уәкілетті органнанзаңнаманы білуге және жеке қасиеттерді бағалауға арналған тестілеуден өтпегентұлғаны әңгімелесу сатысына жіберген. Бұл заңбұзушылық облыстықмемлекеттік қызмет істері департаменті қызметкерлерінің тексеруі кезіндеанықталды.

«Аққұдық ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы бослауазымына жалпы конкурс жарияланған. Аталған конкурсқа бір ғана үміткер құжат тапсырған.Алайда, үміткер жалған құжат тапсырды. Ол заңнаманы білуге және жекеқасиеттерді бағалауға арналған тестілеуден өткені туралы сертификатты қолданжасатып алған. Олқылықтарғақарамастан комиссия үміткерді әңгімелесу сатысына жіберу және жарияланған бослауазымға тағайындау туралы мемлекеттік органның басшысына ұсыныс берген.Қазіргі таңда «жалған сертификат» фактісі бойынша құқық қорғау органдарыменсотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде», - деп хабарлады облыстықмемлекеттік қызмет істері департаментінің баспасөз қызметі.

Алсалғырттық танытқан Мәртөк ауданы әкімі аппаратының конкурстық комиссиясының 6мүшесі 113 628 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл төлейді.

Соңғы жаңалықтар