Ақтөбе облысы Ырғыз ауданында су тасқынына қарсы күрес жұмысы ұзаққа созылды. Қазіргі күні Нұра ауылындағы 117 үйдің 22-інде ғана су тартылды.
Өзгесі екі айдан бері суда тұр.
Бұл аудандағы су деңгейі 3 метрге дейін жетіп, тұрғындарды жаңа жерге көшіру шешімі қабылданды.
Келісім бойынша бұл ауыл енді Сарыоба жерінде салынады.
Бүгін сол ауылдың тұрғындары 2 ай күтіп шаршағанын, құрылысты тез бастап, үй салуды сұрады.
Айта кетейік, Нұра ауылын Сарыоба жеріне көшіру үшін құжат жасалды. Рұқсат алынып, осы аптада құрылыс материалдары жеткізілуі тиіс.
Ал құрылыс тамыз айының ортасында аяқталады деп жоспарланған.