Жұрт алдында кестелі сөзбен өрнек өрген 10 ақын Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай қазақ жұртының еркіндігін әспеттеп, Бегім ана, Жалаңтөс батыр, Асандар көтерілісінің құрбандарын дәріптеді. Ой жүйріктігі мен көркем тілге шешендігін байқасқан бес жұптың ішінен тауып айту шеберлігі жоғары бағаланғандары екінші айналымға жіберіліп, үздіктері анықталды.
Жүрсін Ерман жүргізген айтыс қорытындысында қызылордалық Мұхтар Ниязов - бірінші (500 мың теңге), астаналық Сырым Әділбеков - екінші (300 мың теңге), тараздық Рай Дөңбай үшінші (200 мың теңге) орынды иеленді. Ақындарды аудан әкімі Нажмадин Шамұратов құттықтап, Қазалы жеріне келіп, елдік пен ерлікті жырлап, қазақ жырының мәртебесін көтергені үшін ризашылығын білдірді. Ал бас жүлдені жеңіп алған павлодарлық Аспанбек Шұғатаевқа жеңіл көліктің кілті табысталды.