Ақтөбе облысында алаяққа алданғандар көбейді. Белгісіз біреу «OLX» сайтына тауарды төмен бағамен сату туралы хабарландыру береді. Ақшаны мобильді қосымша арқылы күні бұрын төлеуді сұрайды. Шотқа ақша түскеннен кейін, ұялы телефондарын сөндіріп, хабарсыз кетеді.
«Тағы бір түрі бар. Айлакерлер «OLX» сайты арқылы тауарды сатып алмақ болып, жәбірленушінің банк картасының нөмірлерін біліп алады. Кейін есепшоттағы бар қаражатты иемденеді. Сонымен бірге «OLX» немесе «Қазпошта» АҚ арқылы жеткізуді ресімдеу сылтауымен алған құжатты толтыруға сілтеме жібереді. Онда сіздің банк картаңыздың деректерін талап етеді. Биыл осы жолмен алданғандардан 365 арыз түсті. Тауар бағасы төмен болса, алдын ала төлем сұраса, бұл қауіпті. Ақшаны кері қайтару мүмкін емес», - деді облыс ПД бастығы Атығай Арыстанов.