Әлібек Қуантыров Экология және табиғи ресурстар министрі болып тағайындалды

АСТАНА. KAZINFORM — Әлібек Сакенұлы Қуантыров Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

Фото: Үкімет

— Мемлекет басшысының Жарлығымен Әлібек Сакенұлы Қуантыров Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, — делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, Ержан Сәденов Ішкі істер министрі лауазымына қайта тағайындалды.

Бүгін сондай-ақ Дәурен Қосанов Қорғаныс министрі лауазымына тағайындалды.

Ал Ғалымжан Қойшыбаев Премьер-министрдің орынбасары — Үкімет Аппаратының басшысы лауазымына тағайындалды.

Артынша Нұрлыбек Нәлібаев Премьер-министрдің бірінші орынбасары болатыны белгілі болды.

Мәди Такиев Қаржы министрлігін басқара береді.

Нұрлан Сауранбаев Көлік министрі, Ерлан Сәрсембаев Әділет министрі болып қайта тағайындалды.

Ал Төтенше жағдайлар министрі лауазымына Мұрат Мұханов келді.

Тоқаев Сүлейменованы Оқу-ағарту министрлігі қызметінде қалдырды.