Нұрлан Сауранбаев Көлік министрі қызметінде қалды

АСТАНА. KAZINFORM — Нұрлан Сауранбаев Көлік министрі болып тағайындалды.

к
Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

Тиісті Жарлыққа Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.

— Нұрлан Ермекұлы Сауранбаев Қазақстан Республикасының Көлік министрі лауазымына тағайындалсын, — делінген құжатта.

Нұрлан Сауранбаев 1967 жылғы 20 мамырда дүниеге келген.

Алматыдағы № 30 орта мектепте оқыды.

1991 жылы С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін «Саяси экономика» мамандығы бойынша тәмамдады.

Еңбек жолын кәсіпкерлік құрылымдарда бастады. Одан әрі 1997-2011 жылдары аралығында теміржол және мұнай-газ салаларындағы ұлттық компанияларда жұмыс істеді. 2011 жылдан бастап ҚР Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі, Қорғаныс Министрінің орынбасары (2014-2016), Шымкент қаласының әкімі лауазымдарында еңбек етті (2017-2018). Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінде мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-аумақтық жұмыс бөлімінің меңгерушісі болды (2019-2021).

Бұған дейін «ҚТЖ „ҰК"АҚ төрағасы қызметін атқарды.

2025 жылғы маусымда Көлік министрі болып, 2026 жылғы 3 қыркүйекте бұл қызметке қайта тағайындалды.

Еске салайық, бұған дейін Дәурен Қосанов Қорғаныс министрі, Ержан Сәденов Ішкі істер министрі, Ғалымжан Қойшыбаев Премьер-министрдің орынбасары — Үкімет Аппаратының басшысы, Серік Жұманғарин Премьер-министрдің орынбасары — Ұлттық экономика министрі, Жаслан Мәдиев Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі, Нұрлыбек Нәлібаев Премьер-министрдің бірінші орынбасары, Қанат Бозымбаев Премьер-министрдің орынбасары, Мәди Такиев Қаржы министрі лауазымына тағайындалғанын хабарлағанбыз.