Александр Бублик алғаш рет Роттердам турнирінің ширек финалына шықты
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстанның бірінші, әлемнің 10-ракеткасы Александр Бублик Роттердам (Нидерланд) ATP 500 турнирінің ширек финалына жолдама алды.
Жарыстың 3-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші екінші айналымда дүниежүзілік рейтингіде 82-орында тұрған германиялық Ян-Леннард Штруфқа тап келді.
Бірінші партияда тай-брейкте Бублик қарқынды ойнады — 7:6 (7:2).
Екіншісінде Штруфф есе қайырды — 6:4.
Үшінші, шешуші сет А.Бубликтің пайдасына шешілді — 6:3.
Екі сағат 6 минутқа созылған бәсекеде Бублик 13 эйс орындап, 11 брейк-пойнттың тек екеуін еншісіне жазды. Штруфф 9 эйс, 2 брейкпен (7 брейк-пойнт) көзге түсті.
Осылайша, А.Бублик спорттық жолында Роттердамда алғаш рет ширек финалға өтті. Бұған дейін ол алғашқы айналымнан аса алмай жүрген еді. Енді жартылай финалға шығу үшін әлемнің 37-ракеткасы, испаниялық Хауме Мунармен таласады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Роттердам турнирінде Александр Бубликтің азулы қарсыласынан айласын асырғанын жазған едік.
Сондай-ақ Анна Данилина Доха турнирінің жартылай финалында ойнайды.
Елена Рыбакинаның жеңіс сериясы Доха турнирінде тоқтады.