АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстанның бірінші, әлемнің 11-ракеткасы Александр Бублик Аустрияның Кицбюэль қаласындағы ATP 250 турнирінің финалына жолдама алды.
Жарыстың бірінші ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші әлемдік рейтингіде 31-орындағы аргентиналық аргентиналық Томас Мартин Этчеверримен шеберлік байқасты.
Қарсыластар осыған дейін өзара екі рет кездесіп, екеуінде де Бублик басым түскен еді.
Бұл жолы матч 6:3, 6:4 есебімен қазақстандық теннисшінің пайдасына аяқталды. Бір сағат 25 минутқа созылған бәсекеде Бублик жеті эйспен бірге алты брейк-пойнттың екеуін өз есебіне жазды. Аргентиналық теннисші жеті эйспен көзге түсті.
Александр Бублик финалға шығу үшін әлемнің 82-ракеткасы, франциялық Кентен Алиспен таласады.
Отандасымыз былтыр финалға шығып, жеңімпаз атанған еді.
Еске салайық, бұдан бұрын Александр Бубликтің Аустриядағы жарыстың жартылай финалына өткенін жазған едік.
Сондай-ақ Жібек Құламбаева Германиядағы турнирдің ширек финалына жолдама алды.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).