Қазақстандық теннисші екінші айналымда рейтингіде 139-орындағы франциялық Кириян Жакемен бетпе-бет келді.
Бұл қос теннисшінің өзара алғашқы кездесуі еді.
Бублик матчты сәтті бастады – 6:3.
Екінші сетте франциялық спортшы 4:1 есебімен алға кеткенімен, бұдан кейін Александр қатарынан бес геймді алды – 6:4.
Үшінші партияда тай-брейкте Бублик таразы басын аудара білді – 7:6 (7:5).
Бір сағат 49 минутқа созылған бәсекеде А.Бублик 15 эйспен бірге 8 брейк-пойнттың тең жартысын өз есебіне жазды. Жаке 8 эйс, 2 брейкпен (9 брейк-пойнт) көзге түсті.
Александр Бублик төртінші айналымға шығу үшін әлемнің 19-ракеткасы, америкалық Фрэнсис Тиафо немесе рейтингіде 100-сатыдағы ұлыбританиялық Ян Хоинскидің қай жеңгенімен таласады.
Өткен жылы қазақстандық теннисші Уимблдонда алғашқы айналымнан аса алмаған еді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Уимблдон турнирінде Анна Данилинаның жұптық сында Юлия Путинцеваны ұтқанын жазған едік.
Сондай-ақ Елена Рыбакина орталық кортта қарсыласын ойсырата ұтты.