ЛОНДОН. KAZINFORM — Қазақстанның бірінші, әлемнің 23-ракеткасы Александр Бублик Уимблдон турнирінің үшінші айналымына шықты.
Қазақстандық теннисші екінші айналымда дүниежүзілік рейтингіде 98-орында тұрған франциялық Артур Казодан айласын асырды.
Бублик қарсыласын 6:4, 7:6 (7:1), 6: есебімен тізе бүктірді.
Екі сағат 6 минутқа созылған тартысты бәсеке барысында ол 19 эйс жасап, 4 брейк-пойнттың тең жартысын пайдаланды. Казо 7 эйспен шектелді.
Александр Бублик төртінші айналымға шығу үшін әлемнің 13-ракеткасы, америкалық Томми Пол немесе рейтингіде 147-сатыдағы финляндиялық Отто Виртаненнің қай жеңгенімен шеберлік таластырады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Юлия Путинцеваның Уимблдонда әлемнің экс 1-ракеткасын жеңгенін жазған болатынбыз.
Сондай-ақ Александр Бублик Париж олимпиадасында Елена Рыбакинамен бірге ойнауға дайын екенін айтты.
Тимофей Скатов Франциядағы жарыстың екінші айналымына өтті.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).