АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық теннисші Александр Бублик жұптық сында Штутгарт (Германия) ATP 250 турнирінің ширек финалына шықты.
Қазақстандық теннисші аустралиялық Ник Кирьоспен бірге алғашқы айналымда швейцариялық Якуб Поль — америкалық Райан Сеггерманмен кездесті.
Бірінші партияда қазақстандық-аустралиялық жұп 6:3 есебімен басымдылық танытты.
Екінші сет 6:2 есебімен швейцариялық-америкалық дуэттің еншісіне жазылды.
Супер тай-брейкте Бублик — Кирьос жеңісті жұлып алды — 10:6. Бір сағатқа созылған матчта екеуі 4 эйспен бірге 2 брейк-пойнттың біреуін пайдаланды. Поль — Сеггерман 11 эйс, 2 брейкпен ерекшеленді.
Александр Бублик — Ник Кирьос жартылай финалға шығу үшін эстониялық Даниил Глинка — грекиялық Стефанос Сакелларидиспен таласады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Анна Данилинаның Лондон турнирінің ширек финалына шыққанын жазған едік.
Сондай-ақ Александр Бублик Штутгарттағы турнирде германиялық теннисшіден есе қайырды.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).