Александр Недовесов Нидерландтағы турнирдің финалында жеңіліп қалды

Фото: Photo: sports.kz
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстанның жұптық сындағы бірінші ракеткасы Александр Недовесов Хертогенбос (Нидерланд) ATP 250 турнирінің финалында жеңіліп қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық теннисші эквадорлық Гонсало Эскобармен бірге соңғы бәсекеде жарыстың 1-ракеткалары, әлемдік рейтинг көшбасшылары, нидерландылық Уэсли Колхоф – ұлыбританиялық Нил Скупскимен бас жүлдені сарапқа салды.

Аталмыш матчта нидерландылық-ұлыбританиялық жұп 7:6 (7:1), 6;2 есебімен жеңіске жетті.

Сағат жарымға жуық созылған бәсеке барысында Недовесов пен Эскобар 5 эйспен көзге түсті. Қарсыластары 7 эйс жасап, 8 брейк-пойнттың екеуін пайдаланды.

Хертогенбос додасында финалға дейін жетуі нәтижесінде қазір А.Недовесов ATP Live рейтингісінде 59-дан 53-орынға көтеріліп тұр.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Анна Данилинаның Ноттингем турнирінің жартылай финалына жолдама алғанын жазған болатынбыз.

Бейбіт Жұқаев Пуэрто-Рикодағы турнирдің жартылай финалына шықты.

Бүгін Қазақстанның 1-ракеткалары Рыбакина мен Бубликтің туған күні.