Ведомство энергетикалық инфрақұрылым нысандарындағы қауіпсіздікті арттыру және өндірістік жарақаттанудың алдын алу бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіп жатыр.
«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ электр желілерінде жұмыстарды орындау кезінде қауіпсіздікті арттыру және өндірістік жарақаттанудың алдын алу мақсатында экшн-камералар енгізген.
— 2024 жылы пилоттық жоба аясында алғашқы экшн-камераларды пайдалана бастады. Бүгінгі таңда олардың жалпы саны 268-ге дейін жетті, — делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта Алматы қаласы мен Алматы облысындағы электр желілері аудандарының (ЭТА) барлық жедел-көшпелі бригадалары ақылды каскалармен жабдықталған. Шеберлер бригадаларын жабдықтау жұмыстары жалғасуда.
Камералар қауіпсіздік талаптарының сақталуын нақты уақыт режимінде бақылауға мүмкіндік береді. ЭТА басшылары, диспетчерлер және еңбекті қорғау мамандары ықтимал қауіп-қатерлерді жедел анықтап, қажет болған жағдайда жұмыстарды тоқтатуды талап ете алады. Сонымен қатар бейнежазбалар тұрақты түрде талданып, анықталған бұзушылықтар бойынша қызметкерлермен түсіндіру жұмыстары жүргізіледі және қосымша нұсқамалар беріледі.
Экшн-камераларды енгізу еңбекті қорғау талаптарының сақталуын бақылауды күшейтуге, қауіпті жағдайларды уақтылы анықтауға және өндірістегі жазатайым оқиғалардың алдын алу шараларын қабылдауға көмектеседі.
Айта кетейік, бұған дейін жаңартылатын энергия саласында бес кәсіби стандарт жобасы дайындалғанын жаздық.