Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 111 шақырым жерде, Қазақстан аумағында орналасқан.
Жер сілкінісінің координаттары: 42.920° с.е., 78.188° ш.б. Тереңдігі – 5 км. Есептік қарқындылығы (баллмен):
• Алматы облысы, Кеген ауданы, Саты ауылы – 2,5 балл;
• Алматы облысы, Кеген ауданы, Жалағаш ауылы – 2 балл.
Еске сала кетейік, 4 маусымда сағат 21:22–де Алматы тұрғындары жер асты дүмпуін сезген болатын.