Алматыда 30 жылға жуық жөндеуден өтпеген мектеп қашан жаңғыртылады

АЛМАТЫ. KAZINFORM - Алматының орталығында 1960 жылы салынған мектеп жұмыс істеп тұр. Бұл білім ордасында соңғы рет жөндеу жұмыстары 27 жыл бұрын жасалған.

Фото: halyqstan

Әлеуметтік желіде “Алматыдағы ең ескі мектеп”, “ең қорқынышты мектеп” деген атаумен №73 мектеп-гимназиясының фотолары мен бейнежазбасы тарады. Онда Бостандық ауданында орналасқан мектепте жөндеу жұмыстары осы жылдың 2 кварталында басталуы керек екені, бірақ ешқандай жұмыс істелмегені жазылған.

Фото: halyqstan

Осыған орай, Kazinform тілшісі Алматы қаласының Білім басқармасына сауалхат жолдады. Басқарма жауабында бүгінгі күні оқу ордасында 1041 бала білім алып, 83 мұғалім сабақ беретіні айтылған.

Фото: halyqstan

- №73 мектеп-гимназиясы 1960 жылы салынған. Соңғы рет 1997 жылы жөндеу жұмыстары жүргізілген. Бүгінгі таңда 1041 оқушы білім алады, 83 мұғалім сабақ береді. Жөндеу жұмыстары 2024 жылдың 4 кварталында басталады. Жөндеу жұмыстары кезінде оқушылар №40 жалпы білім беретін мектепте және №146 мектеп-лицейде оқитын болады, - деп хабарлады қалалық Білім басқармасынан.

Еске салайық, бұған дейін Атырауда салынып жатқан 2 жайлы мектептің құрылысынан кемшілік анықталғанын жазған едік. 

Фото: halyqstan

Сондай-ақ 2025 жылдың соңына дейін заманауи үлгідегі 217 мектеп салынады

Фото: halyqstan