Алматы қаласының бас имамы Төлеби Оспанның айтуынша, қаланың барлық 56 мешітінде 27 мамыр күні сағат 06:00-де айт намазы оқылады. Сондай-ақ бірнеше ауданда малды құрбандыққа шалатын орындар белгіленді. Онда мешіт қызметкерлері жұмыс істеп, құрбан шалу рәсімінің дін талабына сай орындалуын қадағалайды.
Құрбан шалуға арналған орындар
Алатау ауданы:
• «Мырзахмет» мешіті — Қарасу шағынауданы, Солтүстік айналма көшесі, 15;
• «Алғабас» мешіті — Алғабас шағынауданы, Ақбөпе көшесі, 6;
• «Әл-Әзим» мешіті — Азат көшесі, 20а;
• «Нұр» мешіті — Ұйғыр көшесі, 16/1.
Бостандық ауданы:
• «Бақыткелді» мешіті — Хан-Тәңірі шағынауданы, Дулати көшесі, 27/11.
Медеу ауданы:
• «Омар ибн әл-Хаттаб» мешіті — Жуков көшесі, 136а;
• «Аманқұл ата» мешіті — Т. Бигелдинов көшесі, 5;
• «Фатима» мешіті — Малая көшесі, 14;
• «Райымбек батыр» мешіті — Думан-1 шағынауданы, Хан Тәңірі көшесі, 15;
• «Арафат» мешіті — Ибрагимов көшесі, 5а.
Наурызбай ауданы:
• «Қалқаман-2» мешіті — Қалқаман-2 шағынауданы, Аспандияров көшесі, 84.
Түрксіб ауданы:
• «Қайрат» мешіті — Қайрат шағынауданы, Сарымолдаев көшесі, 22.
Сонымен қатар Алматыда тұрғындардың қашықтан құрбан шалуына мүмкіндік беретін qurban.muftyat.kz онлайн қызметі қайта іске қосылды. Платформа арқылы мұқтаж отбасыларға ет таратуға өтініш те қабылданады. Қаланың барлық 56 мешітінде ет қабылдайтын, ет тарататын пункттер жұмыс істейді.
Еске салайық, Бас мүфти кәсіпкерлерді Құрбан айт қарсаңында мал бағасын көтермеуге шақырды.