Алматыда күзетшіні көлікпен басып өлтірген ер адам 22 жылға сотталды

Фото: Фото: Мухтор Холдорбеков/Kazinform

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Меркур Тауэрс» тұрғын үй кешенінің күзетшісін көлігімен бірнеше рет басып өлтірген күдіктіге қатысты сот отырысы өтті.

Алматы сотының мәліметінше, айыпталушы Асқар Тастандиев Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігінің 5-тармағы («Аса қатыгездікпен кісі өлтіру») және 147-бабының 5-бөлігі бойынша («ҚР дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасын бұзу») кінәлі деп танылып, 22 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Еске салайық, 2024 жылдың наурыз айында жеңіл көлік жүргізушісі «Меркур Таун» элиталық тұрғын үй кешенінің күзетшісін бірнеше рет басып қана қоймай, оны ұрып-соққан. Салдарынан ер адам ауруханада көз жұмды

Күдіктіге Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігінің 5-тармағы («Аса қатыгездікпен кісі өлтіру») және 147-бабының 5-бөлігі бойынша айып тағылды

Прокуратура сот психологиялық-психиатриялық сараптамасының қорытындысы негізінде Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 511-бабы 2-бөлігі 2-тармағына сәйкес, күдікті психиатриялық көмек көрсететін арнайы медициналық орталыққа жатқызылғанын мәлімдеген еді.

Осыған байланысты сотталды тергеп-тексеру мерзімі ҚІЖК-нің 45-бабы, 7-бөлігі, 4-тармағы негізінде тоқтатылды. Кейін тергеу қайта басталды.

Сот жабық режимде өтті.