Полиция мәліметіне сәйкес, жанжалға 20-ға жуық студент қатысқан.
- Бостандық аудандық полиция басқармасы 20 адамға қатысты бұзақылық бойынша қылмыстық іс қозғады. Қақтығысқа қатысушылардың барлығы ұсталып, полицияға жеткізілді. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр, - деп хабарлады қалалық ПД баспасөз қызметі.
Еске салайық, бұған дейін Алматы облысында әлімжеттік жасаған жасөспірімдер үстінен іс қозғалғанын жазғанбыз.
Сондай-ақ жаппай төбелес кезінде танысын абайсызда өлтіріп алған ақтөбелікке сот үкімі шыққанын жазған едік.