Қозғалыс екі жаққа қарай жабылады. Уақытша шектеулер 1980 жылдан бері пайдаланылып келе жатқан 673 метр құбыржолды жаңғырту учаскесінде жоспарлы жұмыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін енгізіледі.
– Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және оларға түсіністікпен қарауды сұраймыз, - деп хабарлады «Алматы жылу жүйесі» ЖШС.
Еске салайық, Алматы қаласындағы Абай даңғылының бір бөлігі 10 күнге жабылған болатын.
Сондай-ақ Алматының кейбір көшелері қазан айының басына дейін жабылды.