Алматыда тағы бір жаңа автобус бағыты іске қосылады
19:43, 15 Қаңтар 2026
АЛМАТЫ. KAZINFORM – 2026 жылғы 16 қаңтардан бастап Алматыда №96 жаңа автобус бағыты жұмысын бастайды.
Бағыт келесі сызба бойынша қатынайды: «Әуежай» – Майлин көшесі – Бекмаханов көшесі – Шолохов көшесі – Жұмабаев көшесі – ҮАК (БАК) бойымен – Мөңке би көшесі – «Нұркент» шағын ауданы.
Бағыт бойынша жұмыс күндері желіге 15 автобус, ал демалыс күндері 13 автобус шығады.
Қозғалыс аралығы – 12 минут.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда «Барлық» базарының жабылуына байланысты бірнеше автобустың бағыты өзгергенін хабарлағанбыз.
Сондай-ақ Алматының Райымбек даңғылында BRT желісі қашан іске қосылатыны белгілі болды.