Алматыда тағы да көшкін жүрді
20:00, 20 Сәуір 2024
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматы тауларында өз бетінше қар көшкіні түсті.
Алматы қаласының Үлкен Алматы өзенінің бассейнінде қар көшкіні жүрді.
Түскен массаның көлемі — 900 текше метр.
«Зардап шеккендер мен қираған ғимараттар жоқ» деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі.
Еске сала кетейік, 17 сәуірде де Үлкен Алматы өзені маңында қар көшкіні жүрген еді.
Ол кезде 16 000 текше метр қар түскен.
Сол күні Алматының Медеу ауданында лай көшкіні жүріп, жолды жауып қалған еді.
Сондай-ақ Алматыдағы нөсер жауын мен заңсыз салынған құрылыс салдарынан Керей-Жәнібек хандар көшесі бойында сазды лай көшкіні түскен.