Іс-шара барысында төбелес шығарған үш әйелді қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері концерт өтетін алаңнан сыртқа шығарған. Полиция мәліметінше,
концерт тоқтатылған жоқ және штаттық режимде жалғасты.
Тексеру нәтижесінде оқиғаға қатысқан үш әйел анықталды. Олардың екеуі Алматы облысының тұрғындары. Біреуі сот шешімімен 5 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды. Екіншісіне қоғамдық орында алкогольдік масаң күйде жүргені үшін айыппұл салынды.
Ал Тараз қаласының тұрғынына қатысты ұсақ бұзақылық дерегі бойынша әкімшілік іс қозғалды. Материал сотқа жолданды.
Сондай-ақ әлеуметтік желілерде концерттің тоқтатылғаны туралы ақпарат жарияланған еді. Алматы полициясы мұның шындыққа сай келмейтінін мәлімдеді. Instagram аккаунтының иесі анықталып, оған жалған ақпарат таратқаны үшін әкімшілік айыппұл салынды.
Полиция қоғамдық тәртіпті бұзғаны және көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік көзделгенін еске салады.
Еске салсақ, БҚО-да мектеп ішінде төбелескен оқушы қыздар жауапқа тартылды.