Алматыдан 88 шақырым жерде жер сілкінді
ҚОНАЕВ. KAZONFORM – Алматы облысында жер сілкінді.
– ҚР ТЖМ «Сейсмологиялык зерттеу институты» ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 2024 жылғы 15 желтоқсанда Астана уақытымен 23 сағат 23 минутта жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің координаттары: 44.000 с.е. 76.910 ш.б, – делінген хабарламада.
Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында Алматы қаласынан солтүстікке қарай 88 шақырым жерде орналасқан.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше:
Қонаев қаласы 3 балл,
Алатау қаласы (Жетіген) 2 балл.
Құрты ауылы 2 балл.
Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет түскен жоқ.
Осыған дейін, 25 қараша күні жер сілкінісі бір уақытта еліміздің бірнеше қаласында сезілгені туралы жазған едік.
Бұған дейін Төтенше жағдайлар департаменті Алматыда күшті жер сілкінісі болған жағдайда санаулы сағатта бас сауғалайтын база құрылатыны туралы айтқан болатын.
Сондай-ақ Ұлттық сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер ғылыми орталығы директорының ғылым жөніндегі орынбасары Елизавета Есенжігітова алматылықтар жер сілкінісіне әрқашан дайын болу керектігін ескерткен еді.